Спорт • 04 Қаңтар, 2026

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF санатындағы жұптық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Фото: ашық дереккөз

Финалда 21 жастағы Сағандықова мен 18 жастағы Головина Жапония өкілдері Ману Кавамура мен Хонока Кобаяшиді 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл Аружан Сағандықованың ITF турнирлеріндегі бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі болды. Ал Мария Головина үшін бұл сегізінші ITF атағы және жұптық сындағы алтыншы жүлде саналады. Ахмедабадтағы турнир барысында дуэт төрт матч өткізіп, бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

Айта кетейік, аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын немесе шамамен 7,6 млн теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57